"Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" АҚ өзінің (KZ2C00004356, KZIKb28) облигациялары бойынша жетінші купонын төлегені туралы хабарлады
07.04.21 17:56
/KASE, 07.04.21/ - "Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" АҚ
(Алматы) 2021 жылдың 26 наурызында өзінің (KZ2C00004356, негізгі сауда-саттық
алаңы KASE, "облигациялар" санаты, KZIKb28) облигациялары бойынша жетінші
купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 4 439 112,10 теңгені
құрады.
[2021-04-07]