01 сәуірден бастап KASE "Биржалық симулятор" білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығын іске қосады
/KASE, 01.04.21/ – KASE 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап "Биржалық симулятор"жобасын іске қосады.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – оқу бағдарламасы шеңберінде өзінің кәсіби білімін кеңейтуді қалайтын қаржы-экономикалық және басқа да мамандықтар студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың қор нарығында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу.
Оқу-жаттығу сауда-саттығы екі кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең – 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап 31 мамырды қоса алғанда;
2) екінші кезең – 2021 жылдың 01 қазанынан 30 қарашаға дейін.
KASE алғаш рет осындай ұзақ мерзімді оқу сауда-саттығын өткізетініне назар аударамыз. Бұрын сауда-саттық бір ай бойы өткізілді.
Google Play және App Store дүкендерінен KASE Mobile мобильді қосымшасын жүктеу арқылы қатысуға болады.
Жоба шеңберінде сауда-саттыққа қатысушыларға 30-ға жуық құрал қолжетімді болады. Yandex, Exxon Mobil, Coca-Cola және басқалары сияқты танымал брендтердің акцияларынан басқа, сауда-саттыққа инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары қосылды.
Жобаға қатысу мәселелері бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз – bs@kase.kz.
Сондай-ақ, биржалық тренажердің Telegram арнасына толығырақ сілтемесі бойынша жазылыңыз.
[2021-04-01]