KASE ӨЗ САЙТЫНДА САУДА-САТТЫҚТАРДЫ ҚАРАУ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗДІ
/KASE, 01.04.21, 18.08.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) жеке тұлғалардың ақпараттық өнімдері мен қызметтеріне төлем жасаудың электронды әдісін енгізді. Қазіргі уақытта, www.kase.kz веб- сайтында нақты уақыт тәртіптемесінде сауда-саттықты көруге мүмкіндік беретін Web-Quotes ақпараттық өнімінің пайдаланушылары, пайдаланушының жеке кабинетіндегі төлем карточкасын пайдаланып, электронды түрде төлем жасай алады.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 20 тамызынан бастап қаржы құралдарымен сауда-саттық барысын тек жеке кабинеттен көруге болатындығын хабарлаймыз. Жеке кабинетке кіру үшін толығырақ сілтемесінде авторизациядан өтуіңіз керек.
Толығырақ ақпарат алу үшін mds@kase.kz мекен-жайына электрондық пошта арқылы немесе +7 727 237 053 22 телефоны арқылы хабарласа аласыз
[2021-04-01]