KASE 2021 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

29.03.21 17:05
/KASE, 29.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2021 жылдың сәуір айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай – Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2021 жылдың 25 наурызындағы шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2021 жылдың 01 мен 30 сәуірі аралығында қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) простые акции RU0008943394 (основная площадка KASE, категория "стандарт", RU_RTKM) ПАО "Ростелеком"; 2) Yandex N.V. NL0009805522 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, NL_YNDX) А сыныпты жай акциялары; 3) "Новолипец металлургиялық комбинаты" АҚ RU0009046452 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_NLMK) жай акциялары; 4) Intel Corporation US4581401001 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_INTC) жай акциялары; 5) The Coca-Cola Company US1912161007 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_KO__) жай акциялары; 6) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы Еурооблигациялары қоры" ЖЗИҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) үлеспұлдары; 7) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ЖЗИҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) үлеспұлдары. 2021 жылдың наурыз айына қалыптасқан өтімділігі бірінші кластағы қолданыстағы тізіммен жай акциялар шығарылды: 1) "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ жай акциялары базалық активтері болып табылатын US46627J3023, US46627J2033 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, HSBKd) жахандық депозитарлық жазылым; 2) "Кселл" АҚ жай акциялары базалық актиытері болып табылатын US48668G1067 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, KCELd) жахандық депозитарлық жазылым; 3) NOSTRUM OIL & GAS PLC GB00BGP6Q951 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM) жай акциялары; 4) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF үлеспұлдары. 2021 жылдың наурыз айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. 2021 жылдың қаңтар айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_feb.pdf жарияланады. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-02-24]