KZ
2 шілде 2025, 17:37
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.03.2021 17:25 #Сауда-саттық ақпараты

01 наурыз күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

/KASE, 01.03.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕККАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 99,7709 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,15%) белгілеп, 3 990 000 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 99,9466 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,13 %).

KASE мәліметтері бойынша сұраным ұсынымнан 26,6 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 4 003 572 546,7 теңгені құрады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен жайында жарияланды.

[2021-03-01]