25 ақпан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 екінші шығарылымын (KZ000A1A1S55, MUM156_0002) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді
/KASE, 25.02.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕККАМ-156 екінші шығарылымын (KZ000A1A1S55, MUM156_0002) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 94,3571 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,19%) белгілеп, 212 035 189 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 94,3890 % құрады (кірістілігі – жылдық 9,17 %).
KASE мәліметтері бойынша сұраным ұсынымнан 127,5 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 11 827 095 896, 0 теңгені құрады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 екінші шығарылымын (KZ000A1A1S55, MUM156_0002)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен жайында жарияланды.
[2021-02-25]