KASE 2021 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

24.02.21 13:19
/KASE, 24.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2021 жылдың наурыз айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай – Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2021 жылдың 23 ақпанындағы шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2021 жылдың 01 мен 31 наурызы аралығында қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ0007786572 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) жай акциялары; 2) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, GB_KZMS) жай акциялары; 3) Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялары; 4) Кселл" АҚ KZ1C00000876 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,, "премиум" санаты, KCEL) АО жай акциялары; 5) "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары; 6) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары 7) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009093241 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTK) жай акциялары; 8) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,, "премиум" санаты, KZTO) жай акциялары; 9) "Газпром" БАҚ GB00BGP6Q951 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары; 10) Bank of America Corporation US0605051046 KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_BAC_) жай акциялары; 11) Freedom Holding Corp.US3563901046 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, US_FRHC) жай акциялары. 12) "Шығыс-Батыс" Басқарушы компаниясы АБҚ басқарындағы "Алғашқы орналастыру қоры" ЖЗИҚ RU000A101NK4 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFipo) үлеспұлдары; 13) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 жай акциялары базалық активтері болып табылатын US46627J3023, US46627J2033 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, HSBKd) жахандық депозитарлық жазылым: 14) "Сбербанк" КАҚ RU0009029540 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_SBER) жай акциялары; 15) Apple Inc US0378331005 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, US_AAPL) жай акциялары; 16) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "Fixed Income" ИПИҚ KZPF00000082 үлеспұлдары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFIN_or). 17) FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегацияланған қосалқы қорының IE00BG0C3K84 акциялары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, IE_FXBF), FinEx Physically Backed Funds Plc. Альтернативті инвестициялық қормен шығарылған; 18) State Street Global Advisors басқаруындағы SPDR S&P 500 ETF TRUST биржалық индекстік қорының US78462F1030 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторы", US_SPY_) үлеспұлдары; 19) "Кселл" АҚ KZ1C00000876 (KCEL) жай акциялары базалық активтері болып табылатын US48668G1067 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, KCELd) жахандық депозитарлық жазылым: 20) "Аэрофлот - российские авиалинии" БАҚ RU0009062285 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_AFLT); 21) ВТБ Банкі (БАҚ) RU000A0JP5V6 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, RU_VTBR) жай акциялары. 22) Pfizer Inc US7170811035 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, US_PFE_) жай акциялары; 23) NOSTRUM OIL & GAS PLC GB00BGP6Q951 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM) жай акциялары; 24) US30231G1022 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, US_XOM_) Exxon Mobil Corporation жай акциялары. 25) "Сентрас – Глобальные рынки" инвестициялық қоры шығарған KZPF00000033 үлеспұлдары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECgm); 26) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF үлеспұлдары; 27) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акциялары базалық активтері болып табылатын US63253R2013 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, KZAPd) жахандық депозитарлық жазылымдар. 2021 жылдың қаңтар айына қалыптасқан өтімділігі бірінші кластағы қолданыстағы тізіммен салыстырғанда бағалы қағаздардың тізімдеріне GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акциялары, US78468R6633 (US_BIL_), ГДР US63253R2013 (KZAPd) үлеспұлдары енгізілді. Тізімнен KZPF00000025 (CSECfe) үлеспұлдары, US4581401001 (US_INTC), RU0009046452 (RU_NLMK), RU0008943394 (RU_RTKM) жай акциялар шығарылды. 2021 жылдың наурыз айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. 2021 жылдың қаңтар айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_feb.pdf жарияланады. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-02-24]