KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары А.Н. Мұхамеджановтың өкілеттілігі басқа жұмысқа ауысыуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды

24.02.21 11:15
/KASE, 24.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 23 ақпанындағы шешімімен KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары А.Н. Мұхамеджановтың өкілеттілігі басқа жұмысқа ауысыуына байланысты, 2021 жылдың 24 ақпанынан бастап, мерзімінен бұрын тоқтатылды. Әділ Нұрланұлы KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына 2020 жылдың 10 тамызынан бастап сайланған, ол KASE қызмет атқару кезеңінде сауда-саттық, клирингілік қызмет және орталық контрагент қызметінің жұмысына, сондай-ақ KASE сауда-клирингілік технологиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті. [2021-02-24]