Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25 наурызда "Транстелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді
/KASE, 22.02.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Транстелеком" АҚ (Нұр- Сұлтан), 2021 жылдың 25 наурызында сағат 11:00-де акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады.
Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе: "Транстелеком" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы".
Жиналыс өткізу туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2021-02-22]