KZ
13 мамыр 2025, 13:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.02.2021 11:57 #Қаржы құралдары

ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 03 АҚПАННАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІН АНЫҚТАДЫ

/KASE, 03.02.21, 11.01.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2021 жылдың 11 қаңтарындағы шешімімен, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE Индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталды.

Аталмыш шешімге сәйкес 2020 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу үшін өкілетті тізім өзгертусіз қалады.

Осылайша, 2020 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеуде келесі акциялардың парамерлері қолданылады:

--------------------------------------------------------------------------
# р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент                  Fi        Ri Үлесі
        коды                                                              
----- -------- --------------- ---------------------- ---- --------- -----
  1   CCBN     KZ0007786572    "Банк ЦентрКредит" АҚ  38,4 1,0000000   3,6
  2   GB_KZMS  GB00B0HZPV38    KAZ Minerals PLC       68,9 0,0494826  15,3
  3   HSBK     KZ000A0LE0S4    "Қазақстан Халық жинақ 35,5 0,1178215  15,5
                               банкі" АҚ                                  
  4   KCEL     KZ1C00000876      "Кселл" АҚ           25,0 0,3944375  13,8
  5   KEGC     KZ1C00000959     "KEGOC" АҚ            10,0 1,0000000  10,8
  6   KZAP     KZ1C00001619     "Казатомпром" ҰК АҚ   25,0 0,1367491  17,7
  7   KZTK     KZ0009093241    "Қазақтелеком" АҚ      23,0 0,8669961  13,9
  8   KZTO     KZ1C00000744    "КазТрансОйл" АҚ       10,0 1,0000000   9,4
--------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМІ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 01.10.20 жағдай бойынша еркін айналыстағы акциялардың туындысы ретінде алынған, 01.10.20 Биржада тіркелген соңғы мәміленің бағасына және әр атаудағы акцияның индекстің мәніне ықпал ету үлесін шектейтін, Ri коэффициентіне көбейтінді ретінде алынған, параметр. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті шектеу коэффициенттерінің мәнін қайта есептеу туралы шешім қабылдағаннан кейін, яғни, 03.02.21 жағдай бойынша, Fi мәні өзгереді, себебі акциялардың ағымдағы бағасына сәйкес түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициент – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын 0,15 (15 %) пайызға дейін шектейтін, параметр, оны есептеу тәртібі Әдістемеде анықталады.

Үлес – қандай да бір атаудағы акциялар құнының, KASE Индексін есептеу үшін арналған өкілетті тізімнің барлық атаудағы акцияларының жиынтық нарықтық сомасының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – толығырақ

[2021-02-03]