Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 25.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 995 700 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банкi" КАҚ (Мәскеу) болып табылады.
[2021-01-25]