KZ
13 мамыр 2025, 14:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.01.2021 06:42 #Бағалы қағаздар

"Қазақтелеком" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 18.01.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 10 922 876 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 213 653 дана;
  • компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • компания өзінің 216 852 жай акциясын және 914 868 артықшылықты акциясын кері сатып алды;
  • компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:

    -------------------------------------------------------------------------------
                                                     Жай акциялар,                 
                                     -----------------------------      Компанияның
                                                                    орналастырылған
                                                      осы атаудағы     акцияларының
                                                   орналастырылған  жалпы санындағы
                                                  акцияларды жалпы         үлесінің
    Атауы                                  дана санындағы үлесі, %       барлығы, %
    -------------------------- ---------------- ------------------ ----------------
    "Самұрық-Қазына" Ұлттық   
    әл-ауқат қоры" АҚ                 5 570 668              52,03            45,90
    SKYLINE INVESTMENT COMPANY
    S.A. (Люксембург)                 2 671 481              24,95            22,01
    THE BANK OF NEW YORK      
    MELLON DRS (номиналды     
    ұстаушы)                          1 046 250               9,77             8,62
    -------------------------------------------------------------------------------
    

[2021-01-18]