15 қаңтардан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторлардың өкілетті тізімінен, айналым мерзімінің аяқталуына байланысты, "Кселл"АҚ KZ2C00004208 (KCELb1) облигациялары алып тасталды
/KASE, 15.01.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап KASE негізгі сауда-саттық алаңының корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін арналған өкілетті тізімнен "Кселл" АҚ KZ2C00004208 (KCELb1) облигациялары, айналым мерзімі аяқталуына байланысты (15 қаңтар – өтеудегі тиянақтау тізілімінің датасы) алып тасталғаны туралы хабарлайды.
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының төкілетті тізімі 37 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша).
Аталған индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептеледі.
Әдітеменің мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.
[2021-01-15]