15 қаңтардан бастап Tiffany & Co US8865471085 (US_TIF_) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылды

15.01.21 10:48
/KASE, 15.01.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Tiffany & Co (АҚШ) US8865471085 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, US_TIF_) KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған шешім KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы аталған акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып табылатын" Фридом Финанс" АҚ өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2019 жылдың 26 наурызынан бастап негізгі сауда-саттық алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2019 жылдың 14 тамызынан бастап ашылды. 2021 жылдың 11 қаңтарындағы "11 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында US8865471085 (US_TIF_) Tiffany & Co жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды" жаңалығымен KASE интернет- сайтында танысуға болады: https://kase.kz/ru/news/show/1450618/ [2021-01-15]