"БАСТ" АҚ 12 қаңтар күні KASE сауда-саттық жүйесінде өзінің 54 546 KZ1C00001015 (BAST) жай акциясының 600,0 млн теңге сомасына сатты

12.01.21 22:03
/KASE, 14.01.21/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ1C00001015 (KASE альтернативтік сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, BAST) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілді. Мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды. Орналастыруға 364 485 жай акция ұсынылды. Сауда-саттықтың заты ретінде, үтірден кейін екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен теңгемен көрсетілген бір жай акцияның бағасы болды. Сауда- саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен 11:00- ден 12:30-ға дейін (ALT) берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Өтінімдерді жинау аяқталған сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне жалпы көлемі 600 006 000,0 теңге болатын 54 546 акцияны сатып алуға бес өтінім келіп түсті. Аталған өтінімдер 11 000 теңге бағамен берілді. Ұсынысқа сұраныс 15,0% құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне 81,7 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 18,3% келді.. Сауда-саттық қорытындысы бойынша Сатушы 54 546 акция орналастырып, 11 000,00 теңге баға бойынша өтінімдерді қанағаттандырды. Тарту сомасы 600 006 000,0 теңгені құрады. [2021-01-14]