"БАСТ" АҚ 12 қаңтар күні KASE сауда-саттық жүйесінде өзінің 54 546 KZ1C00001015 (BAST) жай акциясының 600,0 млн теңге сомасына сатты
12.01.21 22:03
/KASE, 14.01.21/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ1C00001015 (KASE альтернативтік
сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, BAST) облигацияларын
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар
өткізілді.
Мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ
(Алматы) болды.
Орналастыруға 364 485 жай акция ұсынылды.
Сауда-саттықтың заты ретінде, үтірден кейін екінші таңбаға дейінгі
дәлдікпен теңгемен көрсетілген бір жай акцияның бағасы болды. Сауда-
саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен 11:00-
ден 12:30-ға дейін (ALT) берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер
қабылданды.
Өтінімдерді жинау аяқталған сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне жалпы
көлемі 600 006 000,0 теңге болатын 54 546 акцияны сатып алуға бес өтінім
келіп түсті. Аталған өтінімдер 11 000 теңге бағамен берілді. Ұсынысқа
сұраныс 15,0% құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне 81,7 %,
жеке тұлғалардың үлесіне – 18,3% келді..
Сауда-саттық қорытындысы бойынша Сатушы 54 546 акция орналастырып,
11 000,00 теңге баға бойынша өтінімдерді қанағаттандырды. Тарту сомасы
600 006 000,0 теңгені құрады.
[2021-01-14]