KZ
13 шілде 2025, 15:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.01.2021 11:13 #Бағалы қағаздар

"KazTransCom" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 14.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 115 738 дана;
  • компанияның 2 386 898 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған;
  • компания өзінің 54 015 жай акциясын және 10 024 артықшылықты акциясын кері сатып алды;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "JYSAN VENTURES" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 2 221 142 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,21% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 88,75%) бар.

[2021-01-14]