KZ
2 шілде 2025, 11:36
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.01.2021 09:39 #Қаржы құралдары

/ҚАЙТАЛАУ/ 14 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Маңғыстау электр желілері компаниясы" АҚ KZ2C00002020 (MREKb7) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

/KASE, 14.01.21, 30.12.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап "Маңғыстау электр желілері компаниясы" АҚ (Ақтау) KZ2C00002020 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, MREKb7) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады.

Сауда-саттықты уақытша тоқтату 2021 жылдың 14 қаңтарында аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы мәселе қарастырылумен байланысты болды.

KASE облигациялармен сауда-саттық KASE аталмыш облигцяиларының шығарылым аңдатпасына тиісті өзгертулерді алған соң және "бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оларды орналастыру және айналымды есепке алу жүйесінде жүйені жаңарту туралы растаманы алған соң келесі жұмыс күні жаңартылады.

Осыдан бұрын осы тақырыпта 2020 жылдың 29 желтоқсанында "Маңғыстау электр желілері компаниясы" АҚ өзінің KZ2C00002020 (MREKb7) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы 14 қаңтарда өтетіні туралы" KASE жаңалығы жарияланды – толығырақ

[2021-01-14]