KZ
7 шілде 2025, 05:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.12.2020 12:26 #Корпоративтік уақиғалар

KASE ӨЗ САЙТЫНДА САУДА-САТТЫҚТАРДЫ ҚАРАУ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗДІ

/KASE, 31.12.20, 18.08.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) жеке тұлғалардың ақпараттық өнімдері мен қызметтеріне төлем жасаудың электронды әдісін енгізді. Қазіргі уақытта, www.kase.kz веб- сайтында нақты уақыт тәртіптемесінде сауда-саттықты көруге мүмкіндік беретін Web-Quotes ақпараттық өнімінің пайдаланушылары, пайдаланушының жеке кабинетіндегі төлем карточкасын пайдаланып, электронды түрде төлем жасай алады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 20 тамызынан бастап қаржы құралдарымен сауда-саттық барысын тек жеке кабинеттен көруге болатындығын хабарлаймыз. Жеке кабинетке кіру үшін толығырақ сілтемесінде авторизациядан өтуіңіз керек.

Толығырақ ақпарат алу үшін mds@kase.kz мекен-жайына электрондық пошта арқылы немесе +7 727 237 053 22 телефоны арқылы хабарласа аласыз

[2020-12-31]