Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны жүзеге асыру аясында тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру үшін көлемі 1 641 446 500 теңгеден артық емес облигацияларды орналастыруды жоспарлауда
30.12.20 14:31
/KASE, 30.12.20, 29.12.20 жаңалығын қайталау/ – Қызылорда облысының
жергілікті атқарушы органы Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі
ақпараттық хабарламаны ұсынды:
цитата басы
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының аяғына дейін ішкі нарықта айналым
үшін Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік
бағалы қағаздардың шығарылымы жоспарлануда.
Бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны жүзеге
асыру аясында тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта
айналым үшін облыстардың, республикалық маңызды қалалардың жергілікті
атқарушы органдары шығарған мемелекеттік бағалы қағаздар;
Көлемі – кем дегенде 1 641 446 500 теңге;
Айналым мерзімі – 2 жыл;
Сыйақы мөлшерлемесі – нарықтық шартпен.
Қызығушылық туындаған жағдайда нарық қатысушыларын аталмыш
қағаздарды сатып алуға қатысуға шақырамыз.
цитата соңы
[2020-12-30]