"Кселл" АҚ атқарушы орган құрамының өзгергені туралы хабарлады

21.12.20 17:47
/KASE, 21.12.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2020 жылдың 21 желтоқсанындағы ақпараттық хабарламасын ұсынды: ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы жетекші оператор "Кселл" акционерлік қоғамы (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), өзінің акционерлеріне 2021 жылдың 3 қаңтарында Басқарманың Бас атқарушы директоры және Басқарма Төрағасының орынбасары Каспарс Кукелис "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобына ауысуына байланысты жұмыстан кететіні туралы хабарлады. Аталмыш шешімді Компанияның Директорлар кеңесі 2020 жылдың 18 желтоқсанынан бастап мақұлдады. "Кселл" АҚ Басқармасының өзгерген құрамы: 1. Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры; Басқарманың Бас атқарушы директорының міндетін атқарушы және Басқарма Төрағасы; 2. Ельцов Сергей Валерьевич – Басқарма мүшесі, Құқық мәселелері жөніндегі бас директор; 3. Есеркегенов Аскар Алибекович – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор. ... [2020-12-21]