"Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы АҚ S&P Global Ratings компаниясы рейтингілік бағасын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты" деңгейінен "Позитивті" деңгейіне өзгертілді

20.12.20 18:10
/KASE, 20.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына төмендегі хабарламасын ұсынды: цитата басы 2020 жылдың 14 желтоқсанында S&P Global Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі "ҚТЖ" ҰК АҚ рейтингін "ВВ-"деңгейінде растады, болжам "тұрақты" деңгейінен "позитивті" деңгейіне өзгертілді. цитата соңы [2020-12-20]