"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Еуразияық Даму банкінен ресей рублімен несие желісін тартқаны туралы хабарлады

04.12.20 17:17
/KASE, , 04.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2020 жылдың 04 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасын ұсынды: цитата басы Бірінші Еуразиялық конгресс барысында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, Банк, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) және Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Даму Банкіне кредиттік желі беруге арналған кредиттік шартқа, сондай-ақ ВЭБ.РФ, Еуразиялық Даму Банкімен және Беларусь Республикасының Даму Банкімен ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойды. Кредиттік шартқа сәйкес ЕАДБ ҚДБ-ға 7 жыл мерзімге 5 724 022 500 (бес миллиард жеті жүз жиырма төрт миллион жиырма екі мың бес жүз) ресей рублі сомасына кредит желісін береді. Даму Банкі бизнеске жобаларды іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде – инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнімді экспорттауға дейін қаржы және кредит өнімдерін ұсынады. Өз жобаларын қаржыландыру үшін ҚДБ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында қарыз қаражатын табысты тартады. Осы жылдың басында Банк шетелдік және қазақстандық институционалдық инвесторлардың кең ауқымы арасында орналастырылған теңгемен деноминацияланған еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырды. Даму Банкі мен ЕАДБ арасындағы құжатқа бүгінгі қол қою ҚДБ-ның тұрақты, тәжірибелі және сенімді әріптес болып табылатынын және Ресей рублімен тартылатын қаржы қаражаты қазақстандық кәсіпкерлер үшін тиімді шарттарда бизнесті кредиттеуге мүмкіндік беретінін тағы да дәлелдейді. Бұдан басқа, Қазақстанның Даму Банкі, Ресейдің мемлекеттік даму корпорациясы ВЭБ.РФ, Еуразиялық даму банкі және Беларусь Республикасының Даму Банкі арасында ЕАЭО аумағында бірлескен инвестициялық қызметті және жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыру жолымен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы интеграцияны дамыту үшін күш-жігерді біріктіруді көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_041220_1.pdf [2020-12-08]