KASE Басқармасы Еуропа қайта құру және даму банкі жоспарланған XS2264979431 халықаралық облигациялары шығарылымына KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді
03.12.20 17:05
/KASE, 03.12.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2020 жылдың 03 желтоқсанындағы шешімімен Еуропа қайта құру және
даму банкі XS2264979431 халықаралық облигациялары шығарылымы
KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар"
санатына енгізілді.
Аталмыш облигацияларды енгізу бастамашысы Tengri Partners Investment
Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады.
KASE Басқармасының аталмыш шешімі "Листингілік ережелер" атты KASE
ішкі құжатының 2.5. қосымшасының 2 тарауы 1) тармақшасының шарттарын
іске қосу бастамашысы орындағаннан кейін күшіне енеді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында KASE Басқармасының аталмыш шешімі күшіне енген
соң жарияланады.
[2020-12-03]