/KASE, 04.12.20/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы
(KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу
арқылы Еуропа қайта құру және даму XS2214305737 халықаралық
облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады.
Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri
Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырылатын облигациялардың саны – 60 000 000 000 теңгеге дейін.
Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды
құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген,
облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға
ретінде "нарық бойынша бағасы" көрсетіледі.
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналдық
көлемі алдын ала және аталмыш жазылым бастамашысының хабарламасы
бойынша.
Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде теңгемен көрсетілген
номиналдық көлемі болуы тиіс. Минималды лот 1 000 теңгеге тең.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 04 желтоқсан күні
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:30-дан бастап 11:00-ге дейін. (ALT).
Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық
өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі –
30 %.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2020 жылдың
04 желтоқсаны. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну
күні – 2020 жылдың 08 желтоқсаны; есеп айырысу күні - 2020 жылдың
08 желтоқсаны. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
жүзеге асырылады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке
тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
[2020-12-04]