Банк ВТБ (БАҚ), Банк ВТБ АҚ (Қазақстан) және "КазТрансГаз" АҚ жалпы сомасы $200 млн несие келісіміне қол қойды

20.11.20 16:47
/KASE, 20.11.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресм тізімінде тұрған, Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) 2020 жылдың 9 қарашасында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы ВТБ Банк, ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ және «КазТрансГаз» АҚ, үш жыл мерзімге жалпы сомасы $200 млн. ресей рублі болатын қарыз тарту туралы кредиттік келісімге қол қойды. Қаражат ING Bank, Citibank N.A., Mitsubishi UFJ Financial Group, Inc., Société Générale және Mizuho Bank Ltd. 2018 жылы ұсынған міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталатын болады. Қарызды қайта қаржыландыру «ҚазТрансГаз» АҚ-ға неғұрлым тиімді шарттарда қаражат тартуға және жаһандық капитал нарықтарындағы ағымдағы тұрақсыз жағдайда валюталық тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. ВТБ тобымен осы Келісімге қол қою Қазақстанның газ саласының кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалауын білдіреді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту үшін үлкен маңызға ие. цитата соңы [2020-11-20]