ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ДӘНЕ ДАМУ БАНКІ ӨЗІНІҢ СЕГІЗ ЖЫЛДЫҚ, XS2214305737 (EBRDe11) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ КУПОНЫНА 1 % МАРЖАМЕН 60,0 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ТАРТТЫ

12.11.20 22:45
/KASE, 12.11.20/ – Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 10 қарашасы күні Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық жүйесінің "Жазылым" модулінде XS2214305737 (EBRDе11, 1 теңге, 80,0 млрд теңге, 12.11.20 – 12.11.24, инфляция деңгейі бойынша индекстелген, жарты жылдық купон: инфляция+маржа, actual/360) халықаралық облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру бойынша сауда-сатттықтар өткізілді. Аталмыш облигацияларына жазылым жүргізу барысында сатушысы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" болды. Орналастыруға номиналды құны 80 000 000 000 теңгені құрайтын (номиналды құны 1 теңгеден 80 000 000 000 дана) облигациялары ұсынылды. Өтінімде баға ретінде облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген жарты жылдық купонға тиянақталған маржасының мәні екінші ондық таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген. Нарықтық өтінімдер болған жағдайда баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі. Жарты жылдық купондық мөлшерлеме Қазақстандағы инфляция деңгейіне сәйкес есептеледі. Жазылым жүргізу шарттарымен сатып алушыларға облигациялардың максималды саны бойынша шектеулер қойылмаған. Сауда-саттыққа KASE төрт мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы номиналды көлемі 80 020,0 млрд теңгені құрайтын, 50 шектелімді өтінім, номиналды құны 80 020,0 млрд теңгені құрайтын, 40 өтінім берілді. Берілген өтінімдердің жарты жылдық купонға маржаның мөлшерлемесі 1 %. Орналастырудың нәтижесі бойынша эмитент 40 белсенді өтінімді қанағаттандырып, жоспарланған 80 000 000 000,00 теңге құрайтын түгел көлемді орналастырды. Жарты жылдық купонға маржаның мөлшерлемесі 1 % деңгейінде. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша жазылым нәтижесінде жасалған барлық мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтіне орындалып, жазылым аяқталды. [2020-11-12]