30 қазаннан бастап "CHINATOWN" АҚ KZ1C00000629 (CAHO) жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді

30.10.20 09:44
/KASE, 30.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 30 қазанынан бастап "CHINATOWN" АҚ KZ1C00000629 жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді: Аталмыш акциялардың, қазақстандық теңгемен көрсетілген, KASE сауда- саттық жүйесінде баға белгілеуінің дәлдігі, акция бағасының үтірден кейін екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акцияларға CAHO қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. [2020-10-30]