30 қазаннан бастап "CHINATOWN" АҚ KZ1C00000629 (CAHO) жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді
30.10.20 09:44
/KASE, 30.10.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2020 жылдың 30 қазанынан бастап "CHINATOWN" АҚ
KZ1C00000629 жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес
бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді:
Аталмыш акциялардың, қазақстандық теңгемен көрсетілген, KASE сауда-
саттық жүйесінде баға белгілеуінің дәлдігі, акция бағасының үтірден кейін
екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді.
Аталмыш акцияларға CAHO қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
[2020-10-30]