/KASE, 29.09.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі
құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен
2020 жылдың қараша айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың
тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай –
Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды.
Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің
2020 жылдың 23 қазанындағы шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі
құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында
қалыптастырылды.
Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім
2020 жылдың 01 қарашасынан 31 қазрашасына дейін қолданыста
болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің
кемуі тәртібімен берілген):
1) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, GB_KZMS) жай акциялары;
2) Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі сауда-
саттық алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялары;
3) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009093241 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"премиум" санаты, KZTK) жай акциялары;
4) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,,
"премиум" санаты, KZTO) жай акциялары;
5) Freedom Holding Corp.US3563901046 (KASE балама алаңы, "акциялар"
секторы, US_FRHC) жай акциялары.
6) "Шығыс-Батыс" Басқарушы компаниясы АБҚ басқарындағы "Алғашқы
орналастыру қоры" ЖЗИҚ RU000A101NK4 ("инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFipo) үлеспұлдары;
7) Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 жай акциялары
US46627J3023 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, HSBKd), базалық
активтері болып табылатын жахандық депозитарлық жазылымдар:
8) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ0007786572 (KASE негізгі алаңы, "стандарт"
санаты, CCBN) жай акциялары;
9) Кселл" АҚ KZ1C00000876 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,, "премиум"
санаты, KCEL) АО жай акциялары;
10) "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"премиум" санаты, KEGC) жай акциялары;
11) "Газпром" БАҚ GB00BGP6Q951 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары;
12) "Сбербанк" КАҚ RU0009029540 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"премиум" санаты, RU_SBER) жай акциялары;
13) Bank of America Corporation US0605051046 KASE негізгі алаңы,
"стандарт" санаты, US_BAC_) жай акциялары;
14) State Street Global Advisors басқаруындағы US78462F1030 (US_SPY_)
биржалық индекстік қорының SPDR S&P 500 ETF TRUST үлеспұлдары.
15) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KASE
негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары
16) "Аэрофлот - российские авиалинии" БАҚ RU0009062285 (KASE негізгі
алаңы, "стандарт" санаты, RU_AFLT);
17) ВТБ Банкі (БАҚ) RU000A0JP5V6 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты,
RU_VTBR) жай акциялары.
18) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "Fixed Income" ЖЗИҚ
KZPF00000082 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FFIN_or) үлеспұлдары;
19) SPDR Series Trust инвестициялық қорлары шығарған SPDR Bloomberg
Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, US78468R6633 (US_BIL_) үлеспұлдары.
2020 жылдың қазан айына қалыптасқан өтімділігі бірінші кластағы
қолданыстағы тізіммен салыстырғанда бағалы қағаздардың тізімдеріне
US46627J3023 (HSBKd) ЖДҚ кірді. Тізімнен NOSTRUM OIL & GAS PLC
GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акциялары шығарылды.
2020 жылдың қараша айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және
үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-
сайтында жуырдағы уақытта жарияланады.
2020 жылдың қараша айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және
үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-
сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2020_sep.pdf
жарияланады.
Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
[2020-10-29]