ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын, кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлама

29.10.20 14:23
/KASE, 29.10.20/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Биржа) атқарушы органның (Басқарма) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8ші қабат, өз акционерлеріне, Биржалық кеңестің шешімімен (бастамасы) шақыртылатын (2020 жылдың 27 қазанындағы № 38 отырыс хаттамасы), биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыс Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы өтеді. Жиналыстың күн тәртібі: "1.Биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. 2.Директорлар кеңесінің мүшесі, Биржаның тәуелсіз директоры И.Л.Маричтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. 3.Биржаның Директорлар кеңесінің сандық құрамын 10 адамнан анықтау туралы. 4.Биржаның Директорлар кеңесінің мүшесі етіп И.Л.Маричті сайлау туралы." 5.Директорлар кеңесінің мүшесінің біреуін Биржаның тәуелсіз директоры етіп сайлау. 6.Биржаның корпоративтік хатшысын Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хатшысы етіп сайлау туралы." Акционерлік қоғамдар туралы заңының 43 бабы 6 тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының шешімін қабылдау кезінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі өзгеруі және (немесе) толықтырылуы мүмкін емес. Жиналысқа қатысуға құқылы Биржа акционерлердің тізімі 2020 жылдың 10 қарашасындағы жағдайы бойынша Биржа акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесі мәліметтері негізінде құрастырылады. Бюллетеньдерді ұсынуды бастау күні – 2020 жылдың 10 қарашасы. Сырттай дауыс беру қорытындысын есептеу үшін бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні – 2020 жылдың 10 желтоқсаны. Сырттай дауыс беру қорытындысын есептеу күні – 2020 жылдың 11 желтоқсаны. Жиналыста дауыс беру қорытындысын шығару үшін Биржаның акционерлерінен 2020 жылдың 10 желтоқсаны сағат 18:00-ге дейін (Нұр- Сұлтан қаласы уақытымен) алынған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескерілетін болады. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша сұрақтары бойынша материалдар мен дауыс беру бюллетендері акционерлер үшін акционерлердің жалпы жиналысын өткізгенге дейін отыз күн бұрын, одан кешіктірмей (сырттай дауыс беруді есептеу үшін бюллетендерді ұсыну аяқталған күні), Биржа Басқармасының орналасқан мекен-жайында қол жетімді болады, сондай-ақ Биржа акционерлерінің тізіміне енгізілген тұлғаларға электронды түрде жіберіледі. *** Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі Биржаның Директорлар кеңесінің бір мүшесін, тәуелсіз директорын сайлау болып табылатындығына байланысты, акционерлерден 2020 жылдың 05 қарашасынан кешіктірмей, Биржаға Директорлар кеңесінің мүшесін, тәуелсіз директорын сайлау үшін Биржа акционерлері ұсынған үміткерлерді дауыс беру бюллетеніне қосу мақсатында үміткерлерін ұсынуды сұраймыз. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 44 бабы 2 тармағына сәйкес, Биржалық кеңестің мүшесі лауазымына ұсынылатын кандидатура туралы ақпаратқа кіреді: 1)тегі, аты, қалауы бойынша – әкесінің аты; 2)білімі туралы мәлімет; 3)биржаға үлестес тұлға екендігі туралы мәлімет; 4)соңғы үш жылдағы жұмыс орындары мен лауазымдары туралы мәлімет; 5)кандидаттың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын, өзге де ақпараттар. Директорлар кеңесінің мүшесіне үміткерлер – Биржаның тәуелсіз директоры лауазымына акционерлер ұсынатын үміткерлер, Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңының 54 бабында белгіленген, жетекші қызметкерлерге сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" Заңының 1 бабы 20) тармақшасының талаптарына сай болуы тиіс. Директорлар кеңесінің мүшесіне, тәуелсіз директоры лауазымына үміткер туралы ақпарат көрсетілген хаты мына мекен-жайға, көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жіберуі қажет: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты,8 -ші қабат. Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет- сайтында – https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111220.pdf мекен- жайында жарияланған. [2020-10-29]