Банк ВТБ Еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ және "Корпорация Казахмыс" ЖШС несие желісі аясында 12,0 млн АҚШ доллары көлемінде жаңа траншты бөлуге келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

23.10.20 12:38
KASE, 23.10.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ Еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 23 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор – «Кселл» АҚ-пен жылдық сыйақы төлемі 10,7% мөлшерінде, мерзімі 36 айға, 6 млрд. теңге көлемінде жаңартылмайтын кредит лимитін бөлу туралы келісімге қол қойды. Компания алынған қаражатты екінші деңгейдегі басқа банктердегі берешекті қайта қаржыландыруды қоса алғанда, айналым қаражатын толықтыруға пайдалануды көздеуде. - Банк ВТБ (Қазақстан) «Кселл» АҚ-пен 2019 жылдан бері жемісті ынтымақтастық орнатып келеді. Компания жоспарлы түрде өз желісін дамытуға қаражат инвестициялайды және өз қызметтерінің жоғары сапасын қолдайды. Біз өз ісінің кәсіпқойларымен ынтымақтастыққа әрқашан қуаныштымыз және біздің әріптестігіміз екі жобамен шектелмейтініне сенім білдіреміз, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло атап өтті. «Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қолжеткізу қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: Kcell, нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылады және Activ, бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған. Компания ҚРның барлық аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен https://kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_231020_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-10-23]