Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ЛОГИКОМ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 20.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 815 240 дана;
- компанияның 2 099 264 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға KS8 HOLDING B.V. болып табылады.
[2020-10-20]