Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 09.10.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 3 391 835 697 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 80 629 447 285 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,60% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27%) бар.
[2020-10-09]