"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жөніндегі жұмыстары туралы хабарлады
/KASE, 25.09.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 25 қыркүйегінде Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады:
цитатаның басы
«Самұрық-Энерго» АҚ Алматы ЖЭО-2-нің қоршаған ортаға шығаруларын мейлінше азайту мақсатында, оны жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отырғаны белгілі. Бұл тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, компания осы жобамен байланысты ең өзекті сұрақтарға жауап берді.
Алматы ЖЭО-2: газға көшіру.
Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Осылайша, ЖЭО-2-ні қалай жаңғыртудың және оның қоршаған ортаға тигізетін зиянын мейлінше азайтудың жолдарын талқылаған қызу пікірталасқа нүкте қойылды.
Бұл мәселені көтеруге бастамашы болған қала жұртшылығы, экологтар станцияны экологиялық тұрғыдан таза отын – газға көшіруді үзілді-кесілді талап етті. Олардың уәжі құлаққа шалынып, мемлекеттік деңгейде түбегейлі оң шешім қабылданды. 2019 жылғы 1 тамызда ЖЭО-2-ні жаңғыртудың «жол картасы» бекітілді.
цитатаның соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
[2020-09-25]