16 қыркүйекте "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

16.09.20 21:23
/KASE, 16.09.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 15 қазанда Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: цитата басы Хабарлама: 2020 жылғы 16 қазанда "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді "ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) 35 бабының 1 тармағының, 37 бабы 2 тармағының 1) тармақшасының және 41 бабының негізінде Банк Директорлар кеңесінің бастамасымен (2020 жылғы 15 қыркүйекте № 30(з) сырттай дауыс беру хаттамасы) шақырылып жатқан, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Жиналыс 2020 жылғы 16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2020 жылғы 16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2020 жылғы 19 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ. 10.00-ден бастап сол мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2020 жылғы 19 қазанда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45- ке дейін жүргізіледі. цитата соңы Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_160920_kz.pdf [2020-09-16]