АНОНС: 06 қазанда "Қазақстан Халық жинақтаушы банкі" АҚ виртуалды форматта Инвесторлар күнін өткізеді

16.09.20 17:51
/KASE, 16.09.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақтаушы банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: цитата басы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ («Халық Банкі» немесе «Компания» – LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) 2020 жылғы 6 қазанда, сейсенбі күні виртуалды форматта Инвестор күнін өткізетіні туралы хабарлайды. Компанияның топ-менеджменті компания стратегиясын жүзеге асырудың ағымдағы ахуалы, Халық Банкінің соңғы нәтижелері туралы, сондай-ақ компанияның қаржылық мақсаттарға жету ахуалы туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Сонымен қатар іс-шара аясында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылады. Халық Банкі тарапынан қатысушылар: Үміт Шаяхметова (Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі) Антон Мусин (Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Цифрлық бизнес, Транзакциялық бизнес және IT блогы) Мұрат Көшенов (Басқарма Төрағасының орынбасары, Корпоративтік бизнес және халықаралық қызмет) Жұмабек Мамұтов (Басқарма Төрағасының орынбасары, Бөлшек бизнес) Дәурен Сартаев (Басқарма Төрағасының орынбасары, шағын және орта бизнес, PR және Маркетинг) Виктор Скрыль (Қаржы директоры, Қаржы және еншілес ұйымдар) Мира Қасенова (Қаржы институттары және халықаралық қатынастар Басқармасының басшысы) Таныстырылым Лондон уақыты бойынша 12.00-де басталып, Лондон уақыты бойынша 15:00-ге дейін өтеді. Таныстырылымды онлайн тарату тіркеуден кейін Zoom сілтеме арқылы қолжетімді болады. Іс-шараға институционалдық инвесторлар мен сарапшылар ғана қатыса алатытына назар аударуларыңызды сұраймыз. Іс-шара қатысушылары 2020 жылғы 5 қазанға дейін қоса алғанда, мына сілтеме бойынша тіркелуі тиіс. Инвестор күнінің таныстырылым материалдары Инвестор күнін өткізу күнінде [компанияның вебсайтында қолжетімді болады: https://halykbank.com/financial-results.">https://halykbank.com/financial-results. Таныстырылымның жазбасы іс-шара аяқталған соң компанияның вебсайтында қолжетімді болады: https://halykbank.com/financial-results.">https://halykbank.com/financial-results. цитата соңы [2020-09-16]