11 қыркүйектен бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді

11.09.20 15:39
/KASE, 11.09.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 10 қыркүйегіндегі шешімімен "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 5 өзгертулер мен толықтырулар бекітіліп, осы толықтырулар 2020 жылдың 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. Толықтырулармен, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (МБҚ) маркет- мейкер сауда-клирингілік жүйесінде МБҚ бойынша баға белгілеулердің, алайда кем дегенде МБҚ бес шығарылымы бойынша, ережеде белгіленген мерзім аясында шектеусіз санын жариялауға және қолдау көрсетуге құқылы. Ережелердің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында жарияланады. [2020-09-11]