Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZ2C00004356 (KZIKb28) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді
/KASE, 08.09.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb28; 1 теңге, 3,2 млрд теңге; 21.06.19 – 21.06.39; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының алдында берілгеннің орнына берілген, 2020 жылдың 02 қыркүйегіндегі облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді;
- аталмыш куәлік, аталған облигациялардың айналыс мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырылды;
- айналым мерзімі 240 айдан 360 айға өзгертілді;
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2020-09-08]