/KASE, 01.09.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы), 2020 жылдың
28 қыркүйегінде сағат 12:00-де акционерлердің кезектен тыс жалпы
жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз
мәселе – 2019 жылға компанияның таза табысын бөлуді анықтау және күн
тәртібін бекіту, компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу
туралы шешім қабылдау туралы.
Аталмыш жиналыс туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында
жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_280920_595.pdf
[2020-09-01]