KASE 2020 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

27.08.20 17:13
/KASE, 28.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2020 жылдың қыркүйек айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай – Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2020 жылдың 24 тамызындағы шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2020 жылдың 01 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, GB_KZMS) жай акциялары; 2) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,, "премиум" санаты, KZTO) жай акциялары; 3) Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялары; 4) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009093241 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTK) жай акциялары; 5) "Кселл" АҚ KZ1C00000876 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,, "премиум" санаты, KCEL) АО жай акциялары; 6) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары 7) Bank of America Corporation US0605051046 KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_BAC_) жай акциялары; 8) "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары; 9) "Аэрофлот - российские авиалинии" БАҚ RU0009062285 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_AFLT); 10) "Газпром" БАҚ GB00BGP6Q951 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары; 11) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ0007786572 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) жай акциялары; 12) Freedom Holding Corp.US3563901046 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, US_FRHC) жай акциялары. 13) State Street Global Advisors басқаруындағы US78462F1030 (US_SPY_) биржалық индекстік қорының SPDR S&P 500 ETF TRUST үлеспұлдары. 14) ВТБ Банкі (БАҚ) RU000A0JP5V6 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, RU_VTBR) жай акциялары. 15) "Сбербанк" КАҚ RU0009029540 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_SBER) жай акциялары; 16) FinEx Physically Backed Funds Plc альтерантивті инвестициялық қормен шығарылған, FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF егрегацияланған қосалқы қордың IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) акциялары 2020 жылдың тамыз айына қалыптасқан өтімділігі бірінші кластағы қолданыстағы тізіммен салыстырғанда бағалы қағаздардың тізімдеріне IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) акциялары енгізілді, GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) NOSTRUM OIL & GAS PLC және, базалық активі "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атомдық компаниясы" АҚ жай акциялары болып табылатын, US63253R2013 (KZAPd) депозиттік қолхаттар тізімнен шығарылды. 2020 жылдың қыркүйек айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. 2020 жылдың тамыз айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2020_aug.pdf жарияланады. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2020-08-27]