/KASE, 18.08.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) жеке тұлғалардың
ақпараттық өнімдері мен қызметтеріне төлем жасаудың электронды әдісін
енгізді. Қазіргі уақытта, www.kase.kz веб-сайтында нақты уақыт
тәртіптемесінде сауда-саттықты көруге мүмкіндік беретін Web-Quotes
ақпараттық өнімінің пайдаланушылары, пайдаланушының жеке
кабинетіндегі төлем карточкасын пайдаланып, электронды түрде төлем
жасай алады.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 20 тамызынан бастап қаржы құралдарымен
сауда-саттық барысын тек жеке кабинеттен көруге болатындығын
хабарлаймыз. Жеке кабинетке кіру үшін
https://kase.kz/ru/account/login/
сілтемесінде авторизациядан өтуіңіз керек.
Толығырақ ақпарат алу үшін mds@kase.kz мекен-жайына электрондық
пошта арқылы немесе +7 727 237 53 22 телефоны арқылы хабарласа
аласыз
[2020-08-18]