/KASE, 18.08.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE)
Басқармасының 2020 жылдың 06 тамызындағы шешімімен Еуропа даму
және қайта құру банкі XS2214305737 (1 000 теңге, 60,0 млрд теңге, 19.08.20
– 19.08.28, жарты жылдық купон – Қазақстан Республикасындағы инфляция
+ маржа, , actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне
"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша
енгізуге келісім берілді.
Аталмыш облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan) АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың аталмыш шешімі, рұқсаттама бастамашысы "Листингілік
ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасының 2 тарауының
1) тармақшасының шарттарын орындауға байланысты, 2020 жылдың
18 тамызынан бастап күшіне енеді.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор
биржасында қосымша жарияланады.
Осы облигацияларға EBRDe11қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта
жарияланады.
[2020-08-18]