"ОнлайнКаржы шағын қаржы ұйымы корпорациясы" ЖШС KZ2P00006877 (MFOKb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

12.08.20 17:37
/KASE, 12.08.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 03 тамызында "ОнлайнКаржы шағын қаржы ұйымы корпорациясы" ЖШС (Алматы) KZ2P00006877 (1 000 тенге, 4,0 млрд тенге; 2 жыл, тоқсандық купон, алғашқы орналастырылған арнайы сауда-саттық қорытындысы бойынша; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. "ОнлайнКаржы шағын қаржы ұйымы корпорациясы" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Halyk Global Markets" ("Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы")" АҚ болып табылады. "ОнлайнКаржы шағын қаржы ұйымы корпорациясы" ЖШС негізгі қызмет түрі шағын несие ұсыну болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше MFOKb1 қысқартылған белгілері берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-08-12]