Мухамеджанов А.Н.KASE Басқармасының Төрағасының орынбасары болып сайланды
10.08.20 13:19
/KASE, 10.08.20/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
шешімімен 2020 жылдың 10 тамызынан бастап, KASE Басқармасының
құрамына келесі өзгертулер енгізілді:
- KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары ретінде Сабитов Идель
Марсильевичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары болып Мұхамеджанов Әділ
Нұрланұлы сайланды.
Сабитов И.М. KASE Басқармасының құрамына 2002 жылы кірді. Биржада
жұмыс істеген уақытында Идель Сабитов биржалық инфрақұрылымды
дамыту саласындағы бірқатар жобасының қатысушысы және жетекшсі
болды, әсіресе, сауда-саттыттық жүйесін дамыту, сауда-саттық және қаржы
құралдарының жаңа әдісін енгізу, әсіресе, клирингілік қызметті дамыту,
биржалық нарықтағы орталық контрагентті енгізуге ат салысты. Идель
Сабитов KASE алғашқы сауда-саттық жүйесінің алғашқы әзірлеушілерінің
бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған
және "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік
медальдарымен және "Еңбек сіңірген қаржыгер" орденіен марапатталды.
Идель Сабитов өзінің KASE командасындағы қызметін жалғастырады.
Мухамеджанов А.Н. әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
монетарлық операциялар департаментінде басшылық қызметте жұмыс
істеді, активтерді басқару, инвестициялық жобалар тәуекелін талдау,
инвестициялық консалтинг қызметін атқарды. Директорлар кеңесінің
шешімімен А.Н. Мухамеджановтың өкілеттігі 2020 жылдың 10 тамызынан
бастап, 2023 жылдың 30 маусымына дейін белгіленді (Басқарманың барлық
мүшелерінің өкілеттік мерзімі біткенге дейін).
Аталмыш шешімді ескере отырып, KASE Басқармасының құрамы бес
адамнан тұрады:
- Алдамберген А.Ө., Басқарма мүшесі;
- Мажекенов Е.Б., Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Мухамеджанов А.Н., Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Хорошевская Н.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Цалюк А.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары.
[2020-08-10]