"Tengri Bank" АҚ акционерлері Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлады

03.08.20 17:11
/KASE, 03.08.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Tengri Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына жалғыз акционерінің баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2020 жылдың 24 шілдесінде Алматы қаласында "Tengri Bank" АҚ (бұдан әрі – Банк) Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, оның мүшелері болып: 1. Санджай Варшнея (Sanjay Varshneya) – Директорлар кеңесінің мүшесі 2. Арун Шривастава (Arun Shrivastava) – Директорлар кеңесінің мүшесі- тәуелсіз директор 3. Игорь Говердовский – Директорлар кеңесінің мүшесі- тәуелсіз директор 4. Евгений Сейпульник – Директорлар кеңесінің мүшесі- тәуелсіз директор 5. Ержан Шайкенов – Директорлар кеңесінің мүшесі сайланды. 6. Санджай Варшнея (Sanjay Varshneya) – Үнді банкирлер институтының сертификатталған бірлескен мүшесі. 30.09.1991 жылдан бастап, Punjab National Bank (PNB) банкінде қызметін бастады. 2009 жылдан бастап, басшылық қызметте жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Бас директор лауазымында (Қазынашылық, Punjab National Bank бас кеңсесі). 7. Арун Шривастава (Arun Shrivastava) банк ісінің негізгі сегментінің барлық саласында 35-жылдық тәжірибесі бар, әсіресе, корпоративтік несиелендіру, стратегиялық жоспарлау, қарызды қайта құру, активтерді мониторингілеу және қалпына келтіру. Үндістанның басты банктерінде басшылық етті, оның ішінде Bank of Baroda, Bank of India, Syndicate Bank. 8. Игорь Говердовский бухгалтерлік есеп және қаржы саласында бес жылдық тәжірибесі бар. Огайо штаты Университетінде, Фишер бизнес колледжі, Колумбус, Огайо, АҚШ, 2000 жылдың маусымы. Berkshire Capital Partners Ltd. – ирландия инвестициялық қорының директоры. 9. Евгений Сейпульник – «Solutio» заң фирмасы ЖШС бас директоры (Қазақстан - Ұлыбритания), «Бірыңғай жинатаушы зейнатеақы қоры» АҚ жанындағы қоғамдық қордың төрағасы. Коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда заң және басқару тәжірибесі бар. 10. Ержан Шайкенов - CassBusinessSchool магистрі, CityUniversity (Лондон, Ұлыбритания) «Банк ісі және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша. Банк саласында үлкен тәжірибесі бар, оның ішінде «АБН АМРО Банк Казахстан» АҚ, "АТФБанк" АҚ, "Темірбанк" АҚ. 2015 жылдың қыркүйегінен 2019 жылға дейін "Tengri Bank" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарды. Банктің Директорлар кеңесінің құрамының өзгеруі тіралы мәселе Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне Банктің 5% акцияларына ие жергілікті акционерлердің бастамасы бойынша енгізілді. ... [2020-08-03]