Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 28.07.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Нұр-Сұлтан, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 68 328 554 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға АО "КАЗТРАНСГАЗ" болып табылады.
[2020-07-28]