"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ акционерлері 2019 жылға KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдады

24.07.20 15:51
/KASE, 24.07.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен,2020 жылдың 23 шілдесінде сырттай дауыс беру нәтижесі туралы хабарлады: цитата басы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 51- бабы 6-тармағына сəйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылғы 23 шілдеде өткен «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан əрі сондай-ақ – акционерлердің жалпы жиналысы) сырттай дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібіне енген мəселелер жəне акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, сырттай дауыс беру нəтижелерін көрсетумен: 1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселесі: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысының күн тəртібін бекіту туралы». Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешім жəне сырттай дауыс беру нəтижесі: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Директорлар кеңесі жасақтаған («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1 хаттамасындағы үшінші мəселе бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысының күн тəртібі бекітілсін. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 861 399 226. Акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге қатысқан акционерлер дауыстарының жалпы саны 9 475 073 466 болды. «Жақтаушылар» – 9 475 073 466, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы санынан алғанда, дауыс беру басымдылығымен қабылданды. цитата соңы Толық нұсқасы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_240720_kz.pdf мекен-жайыанда жарияланған. [2020-07-24]