Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 23.07.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 000 000 дана;
- компанияның 6 057 289 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ болып табылады.
[2020-07-23]