"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.07.20 09:21
/KASE, 21.07.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 19 000 000 дана; - банктің 16 904 064 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 15 071 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға О.К. Шадиев болып табылады, оның меншігінде 16 888 993 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,91%) бар. [2020-07-21]